Боксшы Сағындық Тоғамбай – Азия ойындарының қола жүлдегері

азия ойындары бокс
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында ел қоржынына 22-ші қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңіліп, «қолаға» қанағат етті. 

Бүгін сондай-ақ Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, осы уақытта ел құрамасында 30 медаль бар – 3 алтын, 5 күміс және 22 қола.

Азия ойындарында бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылардың кестесін жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар