Боксшы Әбілхан Аманқұл Азия ойындарында екінші орынды қанағат тұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартадағы бокс бәсекесі аяқталды. Ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Әбілхан Аманқұл финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтық сында өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасқан жерлесіміз 2:3 есебімен қарсыласына жол берді.
Әбілхан 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын.
Еске сала кетейік, 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов те Азиаданың күміс жүлдегер атанды.