Боксшы Ахмедов титулдық айқаста америкалықты нокаутқа жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов АҚШ-та жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.
Солтүстік Америка Бокс федерациясының (NABF) бос титулы үшін айқаста жартылай ауыр салмақтағы Ахмедов америкалық Кент Холландпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ тоқтатылды. Бұл Алидің кәсіби рингтегі жетінші жеңісі. Ал бұған дейін алты айқас өткізген Холланд бірінші рет жеңіліс тапты.