Боксшы Ахмедов жеңісін Қазақстан халқына арнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жастар арасындағы жаңа әлем чемпионы Әли Ахмедов америкалық кіші Кертис Хиллді жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшы Ахмедов жеңісін Қазақстан халқына арнады

«Бұл жеңісті халқыма, Қазақстан еліне арнаймын! Мені қолдап, алаңдап, қуанған жандарға алғысымды білдіремін. Бапкерім Сағатбек Мұсахановқа, оның еңбегіне, барлық жасаған жұмыстары үшін рахмет. Алда мақсаттар, үлкен жекпе-жектер бар, жұмыс та көп, әрине. Қолдағандарыңыз үшін рхмет! Алға, Қазақстан!», - деп жазды боксшы Инстаграмдағы парақшасында.

Еске салсақ, Ахметов Техастағы айқаста төртінші раундта нокаутқа жіберді.