Боксшы Аида Сатыбалдинова әлем чемпионымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-0-1) 7 шілде күні АҚШ-та титулдық жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жарияланды.
None
None

Техас қаласында өтетін бокс кешінде Аида америкалық Селина Барриоспен (3-0, 1КО) кездеседі. 25 жастағы Барриос - NABF тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшының айтуынша, бұл оның кәсіпқой бокстағы ең қиын кездесуі болмақ. Аида осы жекпе-жек арқылы бокстың жаңа деңгейіне көтерілуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар