09:39, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Боксшы Айдын Елжанов америкалық промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (1-0) америкалық Fight Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы боксшы Inboxing.kz порталына хабарлады.

Fight Promotions аясында басқа да қазақстандық боксшылар бар, олардың ішінде орташа салмақтағы - Дәурен Елеусінов (4-0, 3 КО) пен Айдос Ербосынұлы (2-0, 2 КО).