Боксшы Бекман Сойлыбаев WBC рейтингінен шығып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп жазады Sports.kz.
Тізімдегі қазақстандық боксшылар өз позицияларын жоғалтып алды. Мәселен, Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтен шығып қалды, ал бірінші ауыр санаттағы рейтингтің 38-інші орнында тұрған Иса Ақбербаев 40-орынға төмендеді.