Боксшы Билли Джо Сондерс Головкинмен жекпе-жек үшін өзінің бағасын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Билли Джо Сондерс 6 миллион шартты бірлік үшін Геннадий Головкинмен сайысқа түсуге келісетінін мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

Боксшы Билли Джо Сондерс  Головкинмен жекпе-жек үшін өзінің бағасын атады

--Голокин? Аулақ жүр, менен Головкин! Аулақ! Головкин - әлемдегі ең үздік.Кәнеки, мен әлем чемпионы болдым деп, бір-бірімізді алдамайық. Бұл онымен шайқасқа шығу керек дегенді білдірмейді. Головкин - бұл әлемдік деңгей. Олар, оның ішінде Канело да өздері үшін үлкен ұрыс туралы айтады. Мен әлі де оқып-үйрену үстіндемін, мен енді ғана әлем чемионы атағын иелендім, - деп атап өтті Билли Джо Сондерс. - Егер де жақсы ақша беретін болса, мен онда ұрысқа шығамын. Өйткені менде сыған қаны бар. Оған ұсыныс жасау мүмкіндігін берейік: «Билли Джо, міне 4 миллион фунт (6 миллион доллпар), кәні, жекпе жекке шығайық», десе онда, сөз жоқ, онда мен Америкаға баруға дайынмын.