Боксшы Димаш Ниязов кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та өткен жекпе-жекте 26 жастағы қазақтан шыққан америкалық боксшы Димаш Ниязов кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Боксшы Димаш Ниязов кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джеймс Лестер болды. Кездесу жеңіл салмақта өтті, деп жазады Inboxing.kz.

6 раундтық жекпе-жекте де Ниязов басымдық танытты, әділ қазылар бір ауыздан жеңісті Димашқа берді.

Димаш Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен, Қазақстанда оны Нұрғали Сафиуллин жаттықтырған болатын.