Боксшы Ержан Жомарт Азия біріншілігінде бірінші қарсыласын ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінде Ержан Жомарт тайпейлік Хон Да Линаны 3:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

49 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып жүрген Ержан Жомарт чемпионанттың ширек финалына шыққан жеңісі туралы қысқаша айтып берді: «Тайпей спортшысына қарсы жекпе-жек оңайға соқпады. Алайда мен өзіме сенімді болдым, барлық ойларымды сәтті іске асыра алдым».

- Бапкерлердің айтқандарын толық орындай алдың ба?

- Әрине, жүз пайыз орындалды.

- Келесі қарсыласың өзбекстандық Хасанбой Дусматов болады.

- Ол рейтингте бірінші болып тұр. Оңайға соқпасы анық, алайда жеңу үшін барымды саламын. Ақылмен іске кірісу керек. Ол да адам, Дусматовтың да әлсіз тұстары болуы тиіс.

- Өз салмақ дәрежеңде кім үздік деп ойлайсың?

- Осныда Азияның ең мықты боксшылары жиналған. Олар өз елдерінде бірінші орында тұр. Сондықтан Азия біріншілігінде әлсіз қарсылас жоқ десе де болады.

Данияр Майлыбаевтың фотосы

Соңғы жаңалықтар