Боксшы Иса Ақбербаев ІВО рейтингінде 3 орынға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясының (ІВО) 2016 жылғы сәуір айындағы жағдайының рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшы Иса Ақбербаев ІВО рейтингінде 3 орынға жоғарылады

Бірінші ауыр салмақта шыққан қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов дәрежелер туралы тізімде сегізінші орынды сақтап қалды. Бұл салмақта шыққан Иса Ақбербаев 35-ші орыннан 32-ші орынға көтерілді.

Ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы Жанат Жақиянов 50-ші орыннан 51-ші орынға түсті.