Боксшы Қанат Әбутәліпов келесі кезеңге жолдама алды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Қанат Әбутәліпов қарсыласын ұтып, келесі айналымға жолдама алды.
None
None

Бірінші айналымда сириялық Виссам Саламанмен жұдырық түйістірген Қанат үш раундта да 26 жастағы қарсыласына еш мүмкіндік бермеді, қорытынды есеп  - 15:7. Енді келесі айналымда біздің спортшымыз даниялық Джейлан Деннисті 21:6 есебімен жеңген ирландық Джон Джо Невинмен жұдырық түйістіреді.

Соңғы жаңалықтар