Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында кімдермен жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жұдырықтасатын қыздарымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін және ертең Нью-Делиде жалауын көтерген бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финал кездесулері өтеді. 62 мемлекеттен келген 270 спортшының ішінен іріктеліп шыққан мықтылар текетіресінің тартысты болары сөзсіз.

Алғашқы күні Карина Ибрагимова (60 кг) рингке көтеріледі. Оның қарсыласы Ирланд елінің өкілі Келли Харрингтон 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Карина Ибрагимова ширек финалда 2016 жылдың әлем чемпионы Венлю Янгты 5:0 есебімен жеңген болатын. Карина Ибрагимова Ақмола облысының спортшысы. 2015 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері. Спорт шеберінен үміткер.

Ар ертең, яғни, 23 қараша күні Жайна Шекербекова (51 кг) Цукими Намикиге (Жапония) қарсы өнер көрсетеді. Жайна Шекербекова 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013-2014 жылдары қатарынан ҚР чемпионаттарының жеңімпазы атаған, 2016 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген, бірнеше мәрте халықаралық дәрежедегі турнирлерде алтынан алқа тағынған өте тәжірибелі спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Соңғы жаңалықтар
Референдум