Боксшы Мадияр Әшкеев 13 ақпанда рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашағы зор қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегін 13 ақпанда «Студио Ситиде» (Калифорния штаты, АҚШ) өткізеді. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы жарияланған жоқ.

Боксшы Мадияр Әшкеев 13 ақпанда рингке шығады

Еске сала кетейік, Мадияр танымал мексикандық жаттықтырушы Роберт Гарсияның басшылығымен жаттығуда, ол Әшкеевті әлемнің болашақ чемпионы деп атады. Қазақстандықтың менеджері - Эгис Климас, деп жазады Sports.kz.