22:50, 09 Мамыр 2018 | GMT +6
Боксшы Мадияр Жанұзақ маусымда рингке қайта оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мадияр Жанұзақ 30 маусымда Екатеринбургте рингке қайта оралады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Boxrec.com сайтының хабарлауынша, Жанұзақ (4-0-0,1КО) ең жеңіл салмақта 10 раундтық кездесу өткізеді. Әзірге оның қарсыласының кім екені белгісіз.
Айта кетейік, 28 ақпанда Мадияр Жанұзақ филиппиндік боксшы Джон Алиманды жеңіп, IBF B&R Region нұсқасына ие болған еді. Ал алдағы болатын кездесуде қазақстандық атағын қорғайды ма, әлде жай ғана рейтинг үшін болатын бәсеке ма, ол жағы белгісіз.