Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионатында құрама қоржынына төртінші алтын медальды салды
АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) ирландиялықтардың ақтық сындағы соңғы үмітін күл-талқан етті.
Алғашқы раунда нокдаунға түскен Жасон Куиглей 0:3 есебімен Жәнібекке ойсырай ұтылды.
Қазір турнир кестесінде 4 алтын, 2 қола медальмен Қазақстан боксшылары командалық есепте бірінші орында келе жатыр. Ал Әзірбайжан, Куба, Ресейде бір-бір алтын медаль бар.