Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондарының өзімен неге жұдырықтасуды қаламайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

«Барлығы чемпиондар менімен жұдырықтасып ақша таба алмайды дейді. Бұл – қате. Ақшадан ғана емес, денсаулығынан, есімінен, тіпті өмірінен де айырылады! Мен оларды түсінемін! Олар ақшаны ойламайды, тек өмір сүргісі келеді! Жақында... және жаңасы!», - деп жазды Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында.


Еске салайық, қазір Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы.

WBO белдігінің толыққанды иегері – Деметриус Андраде (31-0, 19 КО). Сондай-ақ 160 фунт салмақта үш белдік (WBA Super, IBF және IBO) иесі Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) болса, WBC белдігі Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) тиесілі.


Фото: twitter.com/@qazaqstyle