Боксшылар Ислам мен Ассис салмақ өлшеу рәсімінен өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Америкалық Делаверде бокс кешінің өлшеу рәсімі өтті, оның аясында қазақстандық Қанат Ислам мен бразилиялық Робсон Ассис айқас өткізеді, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша,  Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі), ал Ассистің салмағы 154,6 фунт  (70,12 келі) болды.

Еске салайық, Қанат Исламның Робсон Ассиспен жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар