Боксшылар Олимпиада жолдамасына таласты бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 наурыз күні Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынатын жарыстың алауы тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындарына барлығы 63 лицензия үлестіріледі.

Қазақстан құрамасы сапынан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің іріктеу турниріне ерлерден 8 салмақ, әйелдерден 5 салмақ санатында жалпы 13 боксшы сынға түседі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұл турнирде ерлерден 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келіде Серік Теміржанов, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин сынға түссе, қазақтың «салмағы» атанып кеткен 69 келіде Абылайхан Жүсіпов ел намысын қорғайды. Ал 75 келі салмақ санатында Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит Олимпиада жолдамасына таласады.

Ал, әйелдер боксынан 51 келіде Ангелина Лукас, 57 келіде Дәметкен Келімбет шаршы алаңға шығады. 60 келі салмақта Римма Волосенко, 69 келіде Валентина Хальзова сынға түссе, 75 келі салмақта Надежда Рябец жұдырықтасады.


Соңғы жаңалықтар