Боксшыларымыз Болгарияда бір алтын төрт қола медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның астанасы София қаласында халықаралық «Странджа Кубогы» мәресіне жетті, деп хабарлайды SPORTINFORM САА Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.  

Финалда украиналық боксшысы Иван Данчаны жеңген Сабыржан Бекбергенов 64 келіге дейінгі салмақта алтын медальға қол жеткізді.

Нұрболат Қалжанов (56 келі), Қанағат Маралов (69 келі), Михаил Коханчик (91 келі) кеуделеріне қола медаль тақты.

Қазақстандық боксшыларды жарысқа ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин бастап барды.

Соңғы жаңалықтар
telegram