Бокста алғаш рет нокаут алған спортшы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сальвадор бокшысы Франсиско Руис небәрі 24 жаста болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

Бокста алғаш рет нокаут алған спортшы көз жұмды

Осыдан бір апта бұрын болған жекпе-жекте Руис өзінің жерлесі - Рикардо Кортеспен жұдырықтасқан еді. Айқас Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) аясында өтті. Сегізінші раунда Руис ауыр нокаут алып қалды. Құлағанда басын да қатты соғып алды. Оны бірден жергілікті госпитальға жеткізген. Алайда боксшы бірнеше күн бойы  есін жинай алмады.

Франсиско Руистың туған-туыстары оны жасанды ауа беру аппаратынан ағытуға келісті.

Айта кетейік, Руистің соңғы жекпе-жегі ол үшін алғаш рет сегіз раундқа дейін жалғасты. Бұған дейін төрт раундтан үш айқасты өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен.