Бокстан ӘЧ: Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың финалдағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қос қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Доха қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты.

Бокстан ӘЧ: Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың финалдағы қарсыластары анықталды

Жарыстың ақтық сынындағы олардың қарсыластары анықталды. Данияр Елеусінов марокколық Мохаммад Рабимен жұдырықтасатын болса, Иван Дычко француз Тони Йокамен жекпе-жекке шығатын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Сайыс финалы 14-15 қазан күндері болады.