Бокстан ӘЧ: Кубалықтан жеңіліп қалған Жомарт Ержан қола жүлдені місе тұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 49 келі салмақта отандасынымыз Жомарт Ержан кубалық қарсыласы Жонис Архилагостан ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Кубалық алғашқы раундта шымыр қорғанысын бұздыра қоймады. Жылдамдығы әккі кубалық боксшының соққылары дарып жатты. Кубалық қорғанысымен бірге қарымта шабуылда да мықты екенін дәлелдеп берді. 24 жастағы жерлесіміз де осалдық танытқан жоқ - барын салды. Әсіресе,  үшінші раундта белсенділігімен нағыз боксты көрсетті десе де болады. Бірақ, төрешілердің шешімімен 3 раундтық айқастың қорытындысы бойынша жеңіс Жонис Архилагосқа берілді.

Еске сала кетсек, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың 6 боксшысы жартылай финалға шыққан болатын. Отандас былғары қолғап шеберлеріміздің алдына тек жартылай финалға 7 бкосшысымен дараланған Куба құрамасы шығып отыр. 

Соңғы жаңалықтар