Бокстан АЧ: Сәкен Бибосынов әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешкі сессияны қос бірдей әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен жапониялық Томоя Цубои (51 кг) бастады.

Олардың екеуі де 2021 жылы Белградта өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын. 54 келіге дейінгі салмақта Т.Цубои соңғы жекпе-жекте қазақстандық Махмуд Сабырханнан айласын асырған еді. Сондықтан бүгін Сәкен командаласының да есесін қайтаруы тиіс еді.

Қазақстандық боксшы бірден ұрыс тізгінін қолға алып, қарсыласынан бір бас жоғары екендігін таныта білді. Төрешілер есебі – 5:0, Сәкен Бибосыновтың пайдасында.

Осылайша, С.Бибосынов Қазақстан құрамасынан жетінші болып финалға жолдама алды.

Кешкі сессияда сондай-ақ Асланбек Шымбергенов (71 кг), ағайынды жігіттер Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) финалдың жолдамасы үшін күреседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай және тағы 4 қазақстандық финалға шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.

Қамшыбек Қоңқабаев соңғы айқасқа жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар