Бокстан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан жеті боксшы сынға түседі.

Бокстан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан кімдер шығады
Фото: ҰОК

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

67 келі. Санатәлі Төлтаев - Касио Сантос Оливьера (Бразилия)
80 келі. Ерасыл Жақпеков - Джамбулат Бижамов (Ресей)
92 келі. Нурмагамед Юсупов - Энмануэль Рейес (Испания)
92 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай - Иман Рамизанпурделвар (IBA-PRO)
48 келі. Теміртас Жүсіпов - Девендра сингх Саланди (Үндістан)
75 келі. Сабыржан Аққалықов - Таухиримати Тохерири-Халлит (Жаңа Зеландия)
60 келі. Серік Теміржанов - Эндрю Чилата (Замбия)

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионаты алдында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бірлескен оқу-жиынын өткізді.

Соңғы жаңалықтар