Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай «алтын» еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Будапештте (Венгрия) бокстан әлемдік жастар чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандықтардың арасынан бірінші болып рингке Нұрбек Оралбай шықты. Финалда ол 75 келіге дейінгі салмақта ресейлік Даниил Тетеровпен айқасты.
Бұл Қазақстанның осы турнирдегі алғашқы алтын медалі.
Сондай-ақ бүгін ерлер арасында Айбек Оралбай да (91 келі) бағын сынады, оның қарсыласы ресейлік Игорь Федоров болды. Ал әйелдер арасында Айзада Еслямғали (54 келі) америкалық Айана Вердускомен және Гузаль Садықова (81 келі) ресейлік Анастасия Рыбаковамен күш сынасады.
Еске сала кетсек, Венгриядағы әлемдік жастар чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.