Бокстан әлем чемпионаты: Олжас Сәттібаев екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін кешкі сессияда 4 спортшымыз өнер көрсетеді. Олар: Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко және Олжас Сәттібаев. Бұл 52 келіде өнер көрсететін Олжастың осы чемпионатта екінші рет шаршы алаңға көтерілуі.

Бокстан әлем чемпионаты: Олжас Сәттібаев екінші жеңісіне қол жеткізді

Бұл жолғы О.Сәттібаевтың қарсыласы болгариялық боксшы Д.Асенов болды. Алғашқы раунда қарсыласына есе жіберген Олжас екінші раундта есепті теңестірді. Үшінші раундта ол асқан жанкештілік танытып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды. Қарсыласының басы жарылып, жекпе-жек нағыз қан мен терге толы текетіреске ұласты.

Айта кетейік, бұл О.Сәттібаевтың үшінші рет ӘЧ-ға қатысуы. Ол осы жеңіске жетуі арқылы ширек финалға жолдама алды.