21:00, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Бокстан Әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатының кешкі сессиясында 91 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның өкілі Антон Пинчук Өзбекстан боксшысы Рустам Тулагановқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу қорытындысы бойынша өзбек спортшысы жеңімпаз атанып, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады.
Бұған дейін ширек финалдық жолдамаға Қазақстан намысын қорғайтын төрт боксшы - Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Мерей Ақшалов (64 кг) ие болған еді.