10:48, 27 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Бокстан әлем чемпионатында Біржан Жақыпов кубалық қарсыласына есе жіберді
ТАНА. 27 қыркүйек. Қазақпарат - 26 қыркүйек күні бокстан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандық Біржан Жақыпов 19 жастағы кубалық боксшы Йосвани Вейтиамен сынға түсті.

Өкінішке қарай, Біржан осы әлемдік біріншілікте үш раундта жалпы есепте 21:11 есебімен кубалық қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы Астана қаласының туризм, денешынықтыру жәнt спорт басқармасы хабарлады.
Енді біздің тағы бір спортшымыз 52 келі салмақтағы Олжас Сәттібаев бүгін марокколық Абдельфаттах Нафильмен кездеседі.