Бокстан әлем чемпионатында қазақстандықтар алтын үшін кімдермен таласады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда қазақстандықтар Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаеваның кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенбі күні әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта италиялық Теста Ирмамен рингке шығады.

Теста Ирманың бір басына жетерліктей атақ-даңқы бар. Ол – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, сондай-ақ 2019 жылғы Еуропа чемпионы.

2016 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған Л.Күнгейбаева аса ауыр салмақта марокколық Марди Хадиджамен күш сынасады. Оның да қарсыласы мықты.

Марди Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2019 жылы – қола, 2022 жылы – күміс), өткен жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 6 боксшының финал жолдамасын сарапқа салатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды.

Карина Ибрагимова екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шықты. Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті.

Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай қола жүлдені қанағат тұтты. Ал Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар
telegram