Бокстан әлем чемпионатында топ жарған саңлақтарымыз кімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алған 25 жылда Қазақстан бокстан әлем чемпионатының 11 алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

11 алтынның екеуі Серік Сәпиевке тиесілі болса, қалғанын тоғыз боксшымыз жеңіп алды.

Олай болса сол чемпиондарымыз алтын жүлдені қай жылы, қай әлем чемпионатында жеңіп алғанымен таныс болайық.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары:

1. Болат Жұмаділов - 1999 жыл. Хьюстон (АҚШ)

2. Галиб Жафаров - 2003 жыл. Бангкок (Таиланд)

3. Геннадий Головкин - 2003 жыл. Бангкок (Таиланд)

4. Серік Сәпиев - 2005 жыл. Миньянг (Қытай)

5. Ердос Жаңабергенов - 2005 жыл. Миньянг (Қытай)

6. Серік Сәпиев - 2007 жыл. Чикаго (АҚШ)

7. Біржан Жақыпов  - 2013 жыл. Алматы (Қазақстан)

8. Мерей Ақшалов - 2013 жыл. Алматы (Қазақстан)

9. Данияр Елеусінов - 2013 жыл. Алматы (Қазақстан)

10. Жәнібек Әлімханұлы - 2013 жыл. Алматы (Қазақстан)

11. Қайрат Ералиев - 2017 жыл. Гамбург (Германия)

Соңғы жаңалықтар