Бокстан Әлем чемпионатынның салтанатты ашылу рәсімі 5 қазан күні болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) мен Катар мемлекеті ұйымдастырып отырған әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі 5 қазан күні Доха уақытымен 18.00-де жоспарланған. Әлімдік додаға бақ сынауға келген былғары қолғап шеберлері 5 қазан күні салмақ өлшеу процесінен өтеді.
None
None

6 қазан күні шаршы алаңда боксшылардың алғашқы кездесулері басталады. Бастапқы кезеңдегі жекпе-жектерден сүрінбей өткендер сенбі, 10 қазан күні, ширек финалда бақ сынайды. Ал 11 және 12 қазан күндері кемінде қола жүлдеге ие болған боксшылар жартылай финалдық кездесулерін өткізеді. 13 қазан күні бір тынығып алған шаршы алаңның серкелері 14-15 қазан күндері әлемнің теңдессіз боксшысы атану үшін бар күштерін салатыны сөзсіз.

15 қазан күні жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.

Осы Дохадағы әлем чемпионатының бәсі жоғары, өйткені онда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалары сарапқа салынады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастаған Қазақ елінің 8 сайыпқыран жігіті осы додада бар шеберліктерін көрсетіп, биік тұғырдан көрінеді деген сенімдеміз. Спорт жанкүйерлері үлкен үміт артып отыр.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, әлемдік додаға аттандырған Қазақ елінің ұлттық құрамасының толық тізімі мынадай:

52 келіге дейінгі салмақта - Олжас Сәттібаев;

56 келіге дейінгі салмақта - Қайрат Ералиев;

60 келіге дейінгі салмақта - Зәкір Сафиуллин;

69 келіге дейінгі салмақта - Данияр Елеусінов;

75 келіге дейінгі салмақта - Жәнібек Әлімханұлы;

81 келіге дейінгі салмақта - Әділбек Ниязымбетов;

91 келіге дейінгі салмақта - Василий Левит;

91 келіден жоғары салмақта - Иван Дычко.

Соңғы жаңалықтар