21:43, 13 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды
Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Kazinform Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековтің бұйрығымен спортшы жаңа қызметтің тізгінін ұстады.
Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз спортшы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келінің көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған.
Ол бокстан Қазақстан ұлттық құраманың қазіргі бапкері Мырзағали Айтжановтың төл шәкірттерінің бірі.