Бокстан әлем чемпионы футбол ойынына 10 млн. доллар тікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер «Денвер» - «Сиэтл» Ұлттық футбол лигасының ақтық ойынына ірі ұтыс тікті.
36 жастағы боксшы «Денвер» жеңіске жететініне сенімді. Ойын ақпанның 2-нен 3-не қараған түні өтеді. Мейвезер бұл кездесуге 10 миллион доллар тікті, деп хабарлады РБК. Мейвезер - атышулы боксшы. Оның лақап аты - Moneymaker. Өз салмақ дәрежесінің үздігі болып табылады. Өзінің әр кездесуін шоуға айналдыратын қасиеті бар. 2 мәрте чемпион белбеуіне қол жеткізген ол ақшасы бар кейсті бірге алып жүреді. Кейде бір топ адамның алдында сол ақшаны шашып, құнды қағаз үшін таласып, төбелескен көріністі тамашалайтын әдеті бар. Кейде қоғам алдында ақшаны өртейді. Букмекерлік орталықтарда миллиондап ұтыс тігеді.
Алдын ала есеп бойынша, бұл кездесу 200 миллион доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін.