Бокстан әлем чемпионы Жанат Жақияновты СҚО әкімі құттықтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов WBA (Super) және IBO дәрежелері бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновқа құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.
«Солтүстікқазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізді кәсіби рингтегі жеңісіңізбен және WBA (Super) және IBO дәрежелері бойынша жеңіл салмақта бокстан әлем чемпионы атануыңызбен құттықтаймын!. Сіздің жекпе-жегіңізді бүкіл әлем тамашалады. Табандылығыңыз бен спорттағы жетістіктеріңізден жақсы қанық спортсүйер қауым Сізден тек жеңіс күтті. Сіз өз қарсыластарыңыздан мықты екеніңізді осымен 27-ші дәлелдеп отырсыз. Сізге шын жүректен мықты денсаулық, сәттілік пен жаңа спорттық жетістіктерді тілеймін»,-делінген хабарламада.
Облыс әкімі Жанат Жақияновтың спортқа енді ғана ден қойған спортшылар үшін үлгі болғанын және Қазақстанды тағы бір рет әлемге танытқанын атап өтті.
Айта кетейік, WBA (Super) және IBO дәрежелері бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жек Жанат Жақиянов пен Роуши Уорреннің арасында 11 ақпан күні Толедо (АҚШ) қаласында өтті.