Бокстан әлем чемпионын пышақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Халықаралық бокс федерациясының нұсқасы бойынша 66,7 келі салмақ санатындағы кәсіби бокстан әлем чемпионы британдық Келл Брук ауруханаға түсті.

Бокстан әлем чемпионын пышақтап кетті

Оны Испаниядағы Тенериф курортында пышақтап кеткен. Бұл туралы британдық БАҚ хабарлады.

28 жастағы британдық боксшы Гольф-дель-Сур курортында сауық кешінде аяғынан пышақ жарақатын алды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда, алайда көп қан жоғалтқан.

Бруктың жаралануының мән-жайы тергелуде. Күдіктіні тұтқындағаны туралы ақпарат әзірге жоқ.

Келле Брук 2014 жылғы 16 тамызда Брук Шона Портерді жеңіп (Шона Портердің өз мансабындағы алғашқы жеңілісі), IBF нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атанған еді. Брук 33 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен (22-сі нокаутпен).