Бокстан әлем кубогы: 19 маусымда қазақстандық сегіз боксшы сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында ертең, 19 маусымда ел құрамасынан сегіз боксшы сынға түседі.

Бокстан әлем кубогы: 19 маусымда қазақстандық сегіз боксшы сынға түседі
Фото: Қазақстан бокс федеарциясы

Бұл күні жартылай финал жолдамалары сарапқа салынады. Жеңгендері кем дегенде қола жүлдеге қол соза алады.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)

4-жұп. 60 келі. 1/4 финал. В рингі

Виктория Графеева - Иеонжи Ох (Оңтүстік Корея)

5-жұп. 70 келі. 1/4 финал. В рингі

Лаура Есенкелді - Ян Лю (Қытай, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері)

7-жұп. 50 келі. 1/4 финал. А рингі

Санжар Тәшкенбай - Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)

11-жұп. 70 келі. 1/4 финал. В рингі

Абылайхан Жүсіпов - Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)

13-жұп. 75 келі. 1/4 финал. А рингі

Тимур Нұрсейітов - Рами Киван (Болгария)

Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)

1-жұп. 51 келі. 1/4 финал. А рингі

Алуа Балқыбекова - Минакши (Үндістан, 48 келіде 2025 жылғы Әлем чемпионы)

3-жұп. 65 келі. 1/4 финал. А рингі

Аида Әбікеева - Марие Росендо (АҚШ)

11-жұп. +90 келі. 1/4 финал. А рингі

Айбек Оралбай - Мэтью Уильямс (Англия).

Айта кетсек, бұған дейін осы бәсекенің ширек финалына неше елдің боксшылары өткенін жаздық.

Сондай-ақ бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады. Жерлестеріміз беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.

Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.