Бокстан әлем кубогы: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.
Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.
Осыған дейін 18 маусым күні Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогында Қазақстан құрамасының үш өкілі жекпе-жек өткізетіні туралы жаздық.