Бокстан әлем кубогы: Қазақстан құрамасынан 16 маусымда кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші күні, 16 маусымда қазақстандық 6 боксшы шаршы алаңға шығады.
Бұл күні ерлер құрамасынан 4, әйелдер құрамасынан екі боксшы сынға түседі. Олардың қатарында Назым Қызайбай (54 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) сынды танымал былғары қолғап шеберлері бар.
Отандастарымыз таңғы, күндізгі және кешкі сессияда қарсыластарымен қолғап түйістіреді.
Таңғы сессия. 08:00 (Қазақстан уақытымен)
2-жұп. 65 келі. 1/16 финал. В рингі.
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан)
6-жұп. 75 келі. 1/8 финал. В рингі.
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия)
Күндізгі сессия. 13:00 (Қазақстан уақытымен)
4-жұп. 55 келі. 1/16 финал. А рингі.
Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия)
8-жұп. 54 келі. 1/8 финал. А рингі.
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері)
Кешкі сессия. 17:00 (Қазақстан уақытымен)
1-жұп. 70 келі. 1/8 финал. А рингі.
Лаура Есенкелді - Униа Мартинез Мас (Испания)
7-жұп. 90 келі. 1/4 финал. А рингі.
Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан, Әлем чемпионы).
Еске салсақ, Айта кетсек, бүгін, 15 маусымда әлем кубогы екінші кезеңінде ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал ел құрамасынан Наталья Богданова (75 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.