Бокстан әлем кубогында 17 маусымда кімдерге сенім артамыз
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші күні, 17 маусымда қазақстандық 3 боксшы шаршы алаңға шығады.
Бұл күні ел құрамасынан Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов сынға түседі.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)
4-жұп. 60 келі. 1/8 финал. В рингі
Серік Теміржанов - Салим Еллис Бей (АҚШ)
9-жұп. 70 келі. 1/8 финал. В рингі
Абылайхан Жүсіпов - Кайан Рейес (Бразилия)
Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)
8-жұп. 80 келі. 1/8 финал. В рингі
Сабыржан Аққалықов - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан, Әлем чемпионы).
Айта кетсек, 16 маусымда ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шықты. Оның төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.
Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.
Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.