Бокстан әлем кубогында бүгін кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 22 сәуірде ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады.

Назым Қызайбай бокстан әлем кубогын сәтті бастады
Фото: Қазақстан ҰОК

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.

Күндізгі сессия 

54 келі. Назым Қызайбай - Виктория Рогалинска (Польша)

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Севон Оказава (Жапония)

Кешкі сессия 

60 келі. Виктория Графеева - Емили Рзаева (Әзербайжан)

70 келі. Наталья Богданова - Бусеназ Сюрменели (Түркия)

50 келі. Даниал Сәбит - Иштван Шзака (Мажарстан)

80 келі. Диас Молжігітов - Марлон Севехон (Аустралия)

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі). Диас Молжігітов (80 келі) жарыстың келесі сатысына шықты.

Ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (55 келі), Жансері Көшербаев (60 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі) бұл бәсекені ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Сондай-ақ әлем кубогында олардан басқа ерлер құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар