Бокстан әлем кубогында Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны қапы қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бүгін, 20 маусымда Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты.

Бокстан әлем кубогында Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны қапы қалдырды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз ½ финалда Өзбекстан боксшысы Ситора Турдибековамен өзара мықтыны анықтады.

Қазақстандық боксшы 3 раундта да соққы алмасу жағынан дәлдік танытып, төрешілердің есебін өз жағына бұрды. Есеп: 5:0.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Назым Қызайбай (54 келі) финалға шықты.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасы тағы да қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Валерия Аксенова (80 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі), Аида Әбікеева (65 келі), 9 Айбек Оралбай (90 келі) ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай — 9, Қазақстан мен Франция — 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша — 6, 󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия мен Бразилия — 4, Әзербайжан мен Италия — 3, АҚШ, Болгария, Оңтүстік Корея, Иордания, Испания — 2 спортшысына сенім білдіреді.

Ал жартылай финалда Аустралия, Германия, Канада, Иран, Мексика, Тайпей, Таиланд және Молдовадан 1 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.