Бокстан әйелдер арасында ел чемпионаты басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Щучьеде әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Бокстан әйелдер арасында ел чемпионаты басталды

Т.Уәлиев атындағы спорт мектебінің базасында басталған ел біріншілігіне 88 спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, Азия чемпионы Саида Хасенова, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жұлдыз Маматқұлова, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Азия чемпиондары Дариға Шәкімова, Жайна Шекербекова сынды спортшылар бар.

Чемпионаттың ақтық кездесулері 15 наурыз күні өтеді. Біріншілік қорытындысына сәйкес ұлттық құрама команда жасақталып, олар Азия ойындары мен Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем чемпионатында Қазақ елінің намысын қорғайтын болады.