Бокстан Азия чемпионаты: Әйгерім Сәттібаева қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстаннан алғашқы болып Әйгерім Сәттібаева жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.

Әйгерім Сәттібаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ә.Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен шеберлік байқасты.

Екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді - 4:1.

Осылайша, ұзақ жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған бес баланың анасы, белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы Әйгерім қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл - оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында 9 қазақстандықтың финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар