Бокстан Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иесін қапы қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыншы жарыс күні рингке Оразбек Асылқұлов бірінші болып шықты.

Бокстан Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иесін қапы қалдырды
Фото: ҰОК

Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта шаршы алаң иесі Фануват Чуджанатпен шеберлік байқасты. Бірінші раундта Оразбек қарсыласына соққыларын дарыта білді – 4:1.

Екінші кезеңде есеп 3:2 болды. Үшінші раундта да Оразбек алған бетінен танған жоқ. Қорытынды есеп – 5:0.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов жартылай финалға шықты. Бұл – кемінде қола медаль қолда деген сөз.

Бүгін Қазақстаннан тағы бес боксшы ширек финалда бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында бейсенбі күні Қазақстан намысын 6 спортшы қорғайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар