Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бокстан Азия чемпионатында қай елдер көш бастап келеді

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Индонезия астанасы Джакарта U19 және U23 санаттары бойынша әйелдер арасында 20 салмақтың жеңімпаздары анықталды.

а
Фото: ҚР ҰОК

Бокс федерациясы қазіргі жалпы есепті жариялады.

U23 санаты

Өзбекстан - 6 алтын, 1 күміс, 2 қола

Қазақстан - 3 алтын, 3 күміс, 2 қола

Үндістан - 1 алтын, 4 күміс, 4 қола

Жапония - 1 күміс, 2 қола

Моңғолия - 1 күміс

Оңтүстік Корея - 3 қола

Индонезия - 2 қола

Қырғызстан - 1 қола

Вьетнам - 1 қола

U19 санаты

Өзбекстан - 4 алтын, 2 күміс, қола

Қазақстан - 3 алтын, 3 қола

Үндістан - 2 алтын, 5 күміс

Индонезия - 1 алтын, 1 күміс

Тайпей - 1 күміс, 3 қола

Жапония - 4 қола

Вьетнам - 4 қола

Қырғызстан - 2 қола

Таиланд - 1 қола

Тәжікстан - 1 қола

Оңтүстік Корея - 1 қола

Айта кетейік, бүгін еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шықты. Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.

Одан кейін Зарина Толыбай, Айдана Убайдуллақызы, Гүлназ Бөрібаева алтын медаль жеңіп алды.

Тағы төрт боксшымыз Азия чемпионатының жүлдегері атанды.