Бокстан Азия чемпионаты: біздің жасөспірімдер қоржынында 5 алтын медаль!
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің жасөспірімдер Азия чемпионатында 5 алтын, бір күміс және 5 қола медальдарды жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Ташкентте өткен алтын жүлде үшін өткен фианлдық сайыстарда құрлықтың жаңа чемпиондарының есімдері аталды.
Қазақстан жалпы командалық есепте Өзбекстан командасынан кейін екінші орынға ие болды. Чемпионат қожайындары өздерінің даярлығының жоғары деңгейін көрсетті. Өзбек спортшылары финалда 13 салмақ санатының барлығына да қатысты.
Қазақстандық Әлібек Досанов (46 келі), Дәулет Нысан (50 келі), Санатали Толтаев (54 келі), Абылай Ибраимов (60 келі) және Алдияр Түрсынәли (60 келі) Азия чемпиондары атанды.
Күміс медальға Хуршедшох Искандаров (80 келі) ие болды.
Қола жүлделерге Рахат Сейітжан (48 келі), Айбол Жаңбырбай (63 келі), Дәулет Заушев (70 келі), Елхан Табынбай (75 келі) және Нұрдәулет Ұланұлы (+80 келі) қол жеткізді.