Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы жеті медаль түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Амман қаласында (Иордания) жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында кезекті ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы жеті медаль түсті

Жастар арасындағы турнирде қазақстандық сегіз боксшы рингке шықты – бес ер және үш әйел. Олардың жетеуі ширек финалға шықты. Олар кем дегенде қола медальға ие болады.

Қазақстандықтардың жекпе-жектерінің нәтижелері:

Ерлер

71 кг. Егор Егоров (Қазақстан) - Ашиш Худа (Үндістан) –бірауыздан шешімімен Егоровтың төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісі

75 кг. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) - Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан) - Төлемісовтың төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңісі

80 кг. Сұлтанбек Айбарұлы (Қазақстан) - Мохаммед Алкурди (БАӘ) - Айбарұлы бірінші раундта нокаутпен жеңді.

92 кг. Ердос Шәріпбек (Қазақстан) – Абдулла Муктада (Ирак) – Шәріпбектің төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісі

+92 кг. Тимофей Поташов (Қазақстан) - Равшанжон Солиев (Өзбекстан) - Төрешілердің бөлек шешімімен Поташовтың жеңісі.

Әйелдер

48 кг. Гүлназ Бөрібаева (Қазақстан) – Мария (Пәкістан) – Бөрібаеваның төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісі

63 кг. Аида Жолдасова (Қазақстан) - Равина (Үндістан) - Равинаның төрешілердің екі жақты шешімімен жеңісі

66 кг. Бақыт Сейдиш (Қазақстан) - Рахма Алмашди (БАӘ) - Сейдиш бірінші айналымда техникалық нокаутпен жеңді.