Бокстан Азия чемпионаты: Милана Сафронова алтын медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Милана Сафронова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бокстан Азия чемпионаты: Милана Сафронова алтын медаль алды

64 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сафронова финалды үндістандық Лалбуатсаихиді ұтып, Азия чемпионатының «алтынын» иеленді. Бұл Қазақстан командасының құрлық додасындағы бесінші алтыны.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко жеңіске жеткен болатын.