Бокстан Азия чемпионаты: Зәкір Сафиуллин жартылай финалға өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы КХДР спортшысы Гук Чол Квон болды, деп хабарлады sports.kz.

Бокстан Азия чемпионаты: Зәкір Сафиуллин жартылай финалға өтті

Сафиуллин кездесу барысында дәл соққыларымен алға шықты. Ал, Солтүстік Корея спортшысы Зәкірдің қабағын зақымдағандықтан, жекпе-жекті уақытша тоқтатуға тура келді. Гук Квон соққылары Сафиуллиннен әлдеқайда аз болғандықтан жеңілді. Есеп 3:0. Осылайша, Зәкір Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады sports.kz.